Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

«Біз Ауғанстан емеспіз»: Сирияның жаңа көшбасшысы кім әрі ол нені көздейді

30



Сирияның қазіргі көшбасшысы атанған Ахмед Әл-Шара елдің соғыстан шаршағанын, Сирия көршілеріне немесе Батыс елдеріне қауіп төндірмейтінін мәлімдеді. Дамаскідегі BBC-ге берген сұхбатында ол Сириядан санкцияларды алып тастауға шақырды.

Әл-Шара екі аптадан аз уақыт бұрын жақтастарымен Башар Асад режимін құлатқан еді. Ол көтерілісшілер альянсында үстем күш саналатын "Хайят Тахрир аш-Шам" (ХТШ) тобының жетекшісі әрі бұрын Әбу Мұхаммед әл-Джулани деген атпен танымал болған.

Ол ХТШ террористік ұйымдар тізімінен шығарылуы керек дейді. Бұл тізімге ұйымды БҰҰ, АҚШ, ЕО, Ұлыбритания, Ресей және басқа да көптеген ел кіргізген еді. ХТШ 2016 жылы "Әл-Каидадан" бөлініп (террористік деп танылған және тыйым салынған) шыққан.

Ахмед Әл-Шара "Хайят Тахрир аш-Шам" террористік топ емес екенін айтады.