Путиннің баспасөз мәслихатында ВВС News тілшісі соғыста қаза тапқандарды, НАТО-ның кеңейгенін, Ресей экономикасындағы мәселелерді айта келе "25 жыл бұрын Борис Ельцин отставкаға кетіп бара жатып, Ресейді сақтаңдар деген еді, сіз Ресейді сақтай алдыңыз ба?" деп сұрады.
Путин "иә, сақтап отырмыз. Мен Ресейді өз мүддесіне қатысты шешімдерді қабылдай алатын жеке державаға айналу үшін бәрін жасадым. Мен Ресейді жай ғана сақтап қалған жоқпын. Меніңше, біз құрдымнан сақтап қалдық, себебі Ресейде оған дейін және кейін болған жағдайдың бәрі біздің егемендігімізді жоғалтуға апара жатты" деді.
Ресей президенті "бақыттысыз ба?" деген сұраққа "бақыт үшін майданнан жігіттердің оралғаны керек" деп қысқа қайырды.