Спорт денсаулық кепілі. Бұл сөздің тура мағынасында қандай жаста болмасын спортпен айналысқан адамның өмірі ұзақ, денсаулығы жақсы болады деп жатады. Міне сондай азаматтардың бірі Даянұлы Арасанбек. Сонау тоқсаныншы жылдары атамекенге ат басын Монғолиядан бастап, Ұлы көштің қатарында келген жас дарынды әнші, өнерпаз қоғам тірлігіне араласып, өз үлесін қосып келеді. Кеше ғана Астанада «Бөкентау» волейбол клубының президенті Даян Арасанбектің елу жасқа толуына орай волейболдан жарыс өткізді. Сонау екі мыңыншы жылдары Қоянды ауылына келіп, жастардың басын қосып алғашқы волейбол командасын құрған Арасанбек ағамыз жылдар бойы талмай еңбек етуінің нәтижесінде өзімен рухтас достары мен қолдаушыларының арқасында «Бөкентау» волейбол командасын өрге сүйрей білді. Мен кәсіпкермін, өз отбасымның ұпайы түгел, қалғанында шаруам жоқ дейтіндердің қатарынан емес. Жарғақ құлағы жастыққа тимей, еңбектенудің нәтижесінде «Бөкентау» волейбол командасы клубқа айналып жүзге жуық адам тұрақты түрде айналысатын спорт майталмандарына айналды. Әрине әр бастасаң қолдаушы да, қорлаушы да табылады.
Талай қиындықтарды бастан өткеріп жүріп, ағайынның береке бірлігі арқасында «Бөкентау» командасы жастарға үлгі болатын, жеңімпаз командаға айналды. 2019 жылы пандемия уақытында іргетасы қаланған «Бөкентау» волйбол клубы осы уақытқа дейін көптеген республикалық және халықаралық деңгейдегі волейбол жарыстарын өткізді. «Бөкентаудан» үлгі алған ел азаматтары Қарағандыда, Алматыда, Өскеменде тағы басқа қалаларды өз командаларын құрып, байрақты бәсекелерде үзбей өнер көрсетіп келеді. Монғолиялық азаматтардың мемелкеттің саяаатына бейберекет араласпай, Президент айтпақшы «диван батырлықтан» гөрі нақты істерімен көрініп жүргені шеттегі милллиондаған қазақтарға «кесірін» тигізбей жүргендігін сауаттылық пен білімділіктің дәрежесі деп білемін. Ұлттың бірлігі, бір мүддеге жұмылуы қашанда көркеюмен өркендеуге әкелетін рас. Міне соның дәлелі «Бөкентау» волейбол командасы.
Сайдың тасындай іріктелген, бірінен –бірі өткен волейболшы ағаларымыз бен жастар қатар ойнап, ойын тәртібін, ережесін қатаң сақтайтындықтарын көрсетті. Жылына бірнеше мәрте турнир өткізетін клубтың тұрақты демеушісі немесе артында тұрған «олигархтары» жоқ. Өзіміздің қандас бауырларымыздан құрылған шағын кәсіп иелерінің көмек қолдауымен өтіп келеді.
Сөз арасында еліміздегі Волйбол федерациясы да осы
клубқа мән беріп қатарына алудың қамын жасаса нұр үстіне нқр болар еді. Кеше
елордада өткен келелі кездесуде еліміздің игі жақсылары жиналып Арасанбек
Даянұлы мен Серікжан Исламұлы бауырларымызды туған күндерімен құттықтар,
турнирге қатысушыларға игі тілектерін жеткізді. Соның қатарында белгілі ақын,
тарих ғылымдарының кандидаты, жазушы Сұраған Рахметұлы бастаған ағаларымыз
болды. Талас пен тартысқа толы, байрақты бәсекенің куәгері болдық. Өз атымыздан
және ұжым атынан «Бөкентау» волейбол клубына сәттілік пен жеңіс тілейміз.
Байжұма Асылбек