1990 жылдарын басында әлем елдерінде әлеуметтік эконмоикалық жағдайлар күрделі бола бастаған еді, сол сәтте Моңғолия елінде жұмыс орындары қысқарып, халықтың әлеуметтік жағдайы қиындай бастады.
Қазақтар шоғарланған Баян-Өлгий, Ховда аймағында тұратын қазақтарды Моңғолияның ішкі өлкесіне қоныс аудару басталды. Кейбір азаматтар тобы Қазақстанның Алматы, Талдықорған облыстарына құрылыс салу мақсатпен 1991 жылы сәуір айында сол кезде Моңғолияның құрылыс вице министрі болған Зуха бастаған 100 –ге жуық азамат Қазақстанға еңбек келісім шартпен көшіп келді. Осылайша Моңғолиядан ұлы көш басталып, 1991 жылы маусым, шілде айларында Павлодар облысы, Баянауыл, Май аудандарына 165 –ге жуық отбасы қоныстанған болатын.
1991 жылы 18 қараша күні Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен сол кездегі Қазақ КСР Министрлер Кеңесіне «Басқа республикалардан және шетелдерден селолық жерлерде жұмыс істеуге тілек білдіруші байырғы ұлт адамдарын Қазақ станға қоныстандыру тәртібі мен шарттары» туралы №711 қаулысын қабылдап, қазақ көшінің тағдыры шешілген күн болып тарихта қалды.
Қауылы шыққан соң экс-Президент Н.Назарбаев 1991 жылғы жаңа жылдың алдыңғы күнінде телевизор, радио, БАҚ арқылы «Алыста жүрген ағайынға ақ тілек» атты жолдауын жариялап, шеттегі қандастарымызды елге шақырды.
Осымен алыс жақын шетелден бір жарым миллионнан астам қазақ Отанына оралды. Бүгінде олар егемен елімізді өркендетуге өздерінің қомақты үлестерін қосып, қоғамның әр саласында абройылы еңбек атқаруда.
Павлодар облысына әлемнің 10 ға жуық елдерінен 40 мыңға жуық қандасымыз қоныстанған. Ал, 2024 жылға арналған қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы 100 пайызға игеріліп, квота бойынша 1250 қандас қабылданды. Квотаға кірген қандастарды жергілікті қала, аудандағы мансап орталықтарына барып, мемелекет тарапынан берілетін қаражатты алу үшін қосымша қажетті құжаттарын тапсырып мемелекет тарапынан әр адамға берілетін көмекті алып жатыр. Көш баясалды көлікті болсын ағайын!