Munarmedia.kz. Астана. 24.04.2025 жыл-АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийге қарсы кезекті рет мәлімдеме жасап, Қырымды Ресейдің аумағы деп мойындаудан бас тартқаны үшін оны ашық айыптап, Украинаға қоқан-лоқы көрсетті.
Трамп Truth әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жариялаған жазбасында Зеленскийдің ұстанымын "бейбіт келіссөздерге зиянды" деп атап, "бұл соғыстың шешімін қиындататын арандатушылық мәлімдеме" деп бағалады. Ол сондай-ақ АҚШ-тың Будапешт меморандумы арқылы алған Украина аумақтық тұтастығына кепілдік беру міндетінен бас тартатынын ашық айтты.
Трамптың айтуынша, Украина Қырымға қатысты саясатын қайта қарамаса, "соңында бүкіл елден айырылып қалуы мүмкін". Ол Зеленскийді Қырымды Ресейдің жері деп мойындаудан бас тартқаны үшін сынап, "оның мақтанар ештеңесі жоқ, Украина үшін жағдай апатты" деді.
"Зеленский бейбітшілік орнатуды емес, соғысты жалғастыруды таңдап отыр. Ол Мәскеу алдында тізе бүккісі келмегені үшін бұл соғыс тағы үш жылға созылып, Украина толық жойылуы мүмкін", — деді Трамп.
Ол сондай-ақ өз президенттігі кезінде мұндай қақтығыс мүлде болмас еді деген мәлімдеме жасап, "мен президент болғанда бұл абсолютті БАРДАК болмайтын еді" деп жазды.
Бұқаралық ақпарат құралдары Трамптың ұсынысы Украинаның толық капитуляциясын көздейтінін, атап айтқанда:
-
Қырымды Ресейге заңды түрде беру;
-
Ресейдің басып алған аумақтарын сақтап қалуы;
-
Киевтің НАТО-ға мүше болудан бас тартуы;
-
Украинаға болашақта шабуылдарды болдырмайтын нақты қауіпсіздік кепілдіктерінің болмауы
сияқты талаптар қамтылатынын хабарлаған. Бұл ретте Трамп Мәскеуге ешқандай талап қоймаған.