Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Ирандық журналист Украинада Ресейге қарсы соғысып жүр

31

Munarmedia.kz. Астана. 24.04.2025 жыл -Курош Сехати — Украина Қарулы күштерінің құрамындағы шетелдік еріктілерден құралған Украинаның Шетелдік легионына қосылған алғашқы иран азаматы. Журналист мамандығы бойынша ол бұған дейін Америка дауысы радиосының парсы қызметінде және британдық Iran International телеарнасында жұмыс істеген.

Оның әйелі — украин, балалары — жартылай украин болғандықтан, Сехатидің айтуынша, Ресей мен Украина арасындағы соғыста кімнің жағында болу керектігі туралы сұрақ ешқашан туындамаған. Ол Украинаны «екінші отаным» деп атайды.

Курош Сехати 2004 жылы Ираннан Түркияға қашар алдында саяси белсенділігі үшін бірнеше рет тұтқындалған. Кейін Түркияда саяси босқын мәртебесін алып, АҚШ-қа қоныс аударған.

2022 жылдың ақпан айында Ресей Украинаға жаппай басып кірген кезде, 46 жастағы Сехати майданға барып, Украина жағында соғысу туралы жеке шешім қабылдаған.

Сехати Radio Farda — «Азаттық» радиосының парсы тіліндегі бағдарламасына берген сұхбатында:
«Менің әйелім — украин, балаларым — жартылай украин. Сондықтан мен Украинамен тығыз байланысты адаммын», — деп атап өтті. Қазіргі таңда оның отбасы Лондонда тұрады.

Сехати 18 наурыз күні Украина үшін соғысу туралы шешімін жариялап, Х әлеуметтік желісінде:
«Қылмыскер Путин мен оның жақтастарына қарсы күресемін», — деп жазған.