Бұрыңғы алған несиелерді енді жаңа несие алғанда бөліп төлеуге болады

12

Munarmedia.kz 26.04.2026 /Astana/ – Қазақстанда банктен тыс рәсімделген бөліп төлеулерді болашақта несие беру кезінде есепке алу жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта қазақстандықтардың несие тарихына тек банктер арқылы рәсімделген бөліп төлеулер ғана әсер етеді. Алайда соңғы жылдары бөліп төлеу нарығы айтарлықтай кеңейді.

💸 Осыған байланысты Қазақстан Ұлттық Банкі барлық бөліп төлеу түрлерін, соның ішінде банктік емес ұйымдар ұсынғандарын да есепке алуды жоспарлап отыр.

«Бөліп төлеулерді белгілі бір реттелетін алаңға енгізіп, олар туралы ақпараттың Кредиттік бюроға түсуін қамтамасыз ету қажет деген бастама бар. Қазіргі таңда банк арқылы берілетін бөліп төлеулер, яғни нөлдік мөлшерлемемен берілетін тұтынушылық несиелер есепке алынады. Ал қалған, банктік емес бөліп төлеулер реттеу аясынан тыс қалып отыр және есепке алынбайды», – деді жұма күні Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов.

💼 Бұл бастаманы Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бірлесіп талқылап жатыр.

#Қазақстан #Astana #қаржы #несие #бөліптөлеу #ҰлттықБанк #экономика #банк #кредит