Астанада зираттан ұрланған құлпытастар мен кресттер металл сынығы ретінде тапсырылған.

16

Munarmedia.kz 26.04.2026 /Astana/ – Тергеу барысында елордада 38 жастағы ер адам ұйымдастырған заңсыз металл қабылдау пункті жұмыс істегені анықталды.

Полиция қызметкерлері аталған пункттен келесі заттарды тапты:
🔹 8 металл қоршау
🔹 11 құлпытас
🔹 2 бейіт кресі
🔹 2 металл үстел

✍️ Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта зираттан ұрлық жасаған тұлғалар анықталған жоқ.

Құқық қорғау органдары ескертеді: шығу тегі күмәнді мүлікті сатып алу – қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.

#Астана #Қазақстан #қылмыс #полиция #ұрлық #металл #заң #қоғам