Дональд Трамп Вашингтондағы қабылдау кезінде шұғыл эвакуацияланды.

29

Munarmedia.kz 26.04.2026 /Astana/ – АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үй тілшілері қауымдастығы ұйымдастырған қабылдау кешінен шұғыл түрде шығарылды. Іс-шара Washington Hilton қонақүйінде өткен.

C-SPAN мәліметінше, зал ішінде оқ атылғанға ұқсас қатты дыбыстар естіліп, артынша дүрбелең басталған. АҚШ Құпия қызметі қызметкерлері жедел түрде президентті, бірінші ханым Мелания Трамп, вице-президент Джей Ди Вэнс және әкімшілік өкілдерін қауіпсіз жерге алып шыққан.

Кейін белгілі болғандай, атыс қонақүйдің лоббиінде болған. Шабуылдаушы туралы ақпарат бастапқыда қарама-қайшы болды: кей деректерде оның көзі жойылғаны айтылса, енді бірінде ұсталғаны хабарланған.

Кейінірек Дональд Трамп шабуыл жасаған күдіктінің ұсталғанын растады. Оның айтуынша, ол іс-шараны жалғастыруды ұсынған, алайда соңғы шешім құқық қорғау органдарының құзырында.

Сондай-ақ президент күдікті адамның фото және бейнематериалдарын жариялаған.

#АҚШ #Вашингтон #Трамп #қауіпсіздік #оқиға #шабуыл #саясат #жаңалықтар