БҰҰ Қырғызстан ұсынған шекаралық дауларды шешуге арналған резолюцияны қабылдады

12

22.05.2026. АСТАНА – Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы Қырғызстан ұсынған шекаралық дауларды бейбіт жолмен шешу туралы резолюцияны қабылдады. Құжатты Бішкек Душанбе және Ташкент бірлесіп таныстырды, деп хабарлайды Munarmedia.kz.

Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, құжаттың басты мақсаты – өңір елдерінің күрделі әрі сезімтал мәселелерді БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық қағидаттарына сай бейбіт жолмен шеше алатынын әлем қауымдастығына үлгі ету.

Резолюцияда Орталық Азия мемлекеттерінің тату көршілік пен өзара сенімге негізделген саяси ұстанымы жоғары бағаланған. Сондай-ақ аймақтағы дипломатиялық келісімдер халықаралық қоғамдастық үшін бейбіт диалогтың тиімді үлгісі ретінде атап өтілді.

Сарапшылардың пікірінше, бұл құжат Орталық Азиядағы өңіраралық ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, шекаралық мәселелерді күш қолданбай шешудің халықаралық тәжірибесіне жаңа серпін береді.

#БҰҰ #Қырғызстан #ОрталықАзия #Резолюция #Шекара #Бейбітшілік #MunarMedia #ХалықаралықҚатынастар