БЖЗҚ зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалануға арналған жеткіліктілік шектерін жаңартты

148

Munarmedia.kz 07.06.2026. ASTANA Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалану үшін қажетті ең төменгі жеткіліктілік шектерінің (ТЖШ) жаңа мөлшерін жариялады.

Жаңартылған көрсеткіштерге сәйкес, әр жас санаты бойынша шекті сома төмендегідей белгіленді:

🔹 20 жас – 6,67 млн теңге
🔹 25 жас – 8,15 млн теңге
🔹 30 жас – 9,75 млн теңге
🔹 35 жас – 11,49 млн теңге
🔹 40 жас – 13,37 млн теңге
🔹 45 жас – 15,40 млн теңге
🔹 50 жас – 17,59 млн теңге
🔹 55 жас – 19,95 млн теңге
🔹 60 жас – 22,50 млн теңге
🔹 62 жас – 23,57 млн теңге

Бұл көрсеткіштер азаматтардың зейнетақы жинақтарының артық бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделу ақысын төлеу немесе басқарушы инвестициялық компанияларға беру мақсатында пайдалану мүмкіндігін айқындайды.

Мамандардың айтуынша, жеткіліктілік шегі азаматтың жасына қарай болашақтағы зейнетақы төлемдерін қамтамасыз ету үшін шотта сақталуы тиіс ең төменгі қаражат көлемін көрсетеді.

Айта кетейік, бұл – 2026 жылы көрсеткіштердің екінші рет көтерілуі. Сарапшылар мұны ұзақмерзімді зейнетақы міндеттемелерін сақтау және жинақтардың жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатымен байланыстырады.

#БЖЗҚ #Зейнетақы #ЖеткіліктілікШегі #ЗейнетақыЖинағы #Қаржы #Қазақстан #ӘлеуметтікҚамсыздандыру #ASTANA #Munarmedia