Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Чойжилжавын Батзаяа: Алтайдың ақиығын әлемге әйгілеп келемін

60

Өткен жылы Моңғол Халық Республикасының президенті У.Хүрэлсүхтің алғы сөзімен Ұланбатыр қаласында «Бүркіт» (моңғолша «Бүргэд») атты үлкендігі төре табақтай фото альбом жарық көрді. Авторы Чойжилжавын Батзаяа деген азамат. Кітаптың басты тақырыбы – Алтай туының теріскей бетінде өмір сүріп жатқан байөлкелік бүркітшілерінің өмірі, тыныс-тіршілігі, бүркітпен аң қаққан сәттері, саят-салбурын құрған кездері, түз құсын қолға түсіріп, оны баптап-баулуы қатарлы жүздеген көрістер фотобейне және әңгіме-сұхбат форматына берілген. Бұндай кітап құсбегілік отаны біздің елімізде жоқ.

Бір таңданарлық жағыдай – кітап авторының маманы кәсіби фотограф. Соңғы 20 жыл бойы бұл жігіт Бай-Өлкенің тау-тасын аралап, жергілікті құсбегілердің қосында түнеп, олардың аң қаққан сәтін аңдап, қыран құстың қанат қағысынан тартып, қасқыр алғанға дейінгі күллі тірлігін суретке түсірген екен. Осы суреттері әлемнің өте танымал газет-журналдарында жарық көріп, жалпақ ғалам қазақты таныған. Бір таңданарлық дүние – қазақтың құсбегілік өнері 2010 жылы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдеи мұра тізіміне Моңғолия атынан тіркеліпті. Бұған ғаламды шарлап кеткен Батзаяаның да фотолары себеп болғанға ұқсайды.

Моңғолиялық фотосуретші жуықта Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойынын тамашалауға келген екен. Осы сәтті пайдаланып сұхбат жасап үлгердік.

 Менің туған жерім Забқын аймағы. Сонда өсіп-өндім. Бір қызығы етек басып, есейген шағымда қарымды қыран құс бүркітке құмартып, оның соңына түсіп, зерттеп, зерделеп кітап шығарсам деген ой болған емес, – деп бастады әңгімесін моңғолиялық қонақ.  – Ал, бұған не себеп болды десеңіз, 1998 жылы туризм саласына қарай ойыстым. Бұл бір жатқан жеке әлем екен. Менің міндетім – туристерді фотоға түсірумен қатар, олардың жүрген-тұрған жерін таспаға басып, насихаттау еді. Сөйтіп фото түсірумен айналаса бастадым. Бірер жылдың ішінде кәдімгідей маманданып үлгердім. Қысқасы мені фотограф мамандығына тартқан – туризм.

Бұрын онша мән бермейді екенміз, шетелдік туристерді тартатын тәсілдің бірі – тамаша фото суреттер түсіріп, оны ғаламшардың түкпір-түкпіріне шашып жіберу екен. Бұл іспен ондаған жыл айналысқан адам ретінде тәпсірлеп айтар болсам, адамдар өздерінде ғана бар, басқаға таңсық дүниелер арқылы жаттың назарын аударды. Көп жағдайда шетелдіктер Бай-Өлкенің тұмса табиғатын тамашалаумен қатар мұнда өмір сүріп жатқан халықтың тіршілігімен танысуға құмар. Әсіресе, мұндағы бүркітшілік өнер мен құсбегілік дәстүрді әлемнің басқа жерінен кездестіре алмайсыз. Сондықтан да, бұл өлкедегі бүркіт пен бүркітшілік оларға керемет таңсық. Өз басым осыны сезінген соң қазақтың құсбегілік өнерін насихаттауды қолға алдым. 

Өйткені, жоғарыда айтқанымдай, бүркітшілік өнердің байырғы кейпі Бай-Өлкеде жақсы сақталған. Көз алдына елестетіңіз: Алтайдың ақбас шыңдары алыстан ақсүңгідей мұнартады, оның бауырайында қолына қыран құсын қондырған даланың серменде серісі ат үстінде шауып бара жатыр. Осы көріністі фото арқылы сөйлету қандай ғажап! 

Мысалы, әлем таныған Айшолпан қызды алайық. Осы баланың артынан қалмай жүріп, суреттен суретке түсіріп, дүние жүзіне танытқан – мына мен. Тек осы қызды көру үшін Бай-Өлкеге шет мемлекеттерден қаншама туристер сабылып келеді. Бұл дегенміз – өлке үшін үлкен қаржылық табыс. Мысалы, Бай-Өлке де соңғы 25 жыл бойы жыл сайын күзде қазан айының басында «Бүркіт тойы» өтіп келеді. Бұл үрдіс қазақ құсбегілерінің өнерін дамытумен қатар туристерді тарта алып отыр.  

– Сонда сіздің фотоларыңыз шетелдік басылымдарда да жарияланып жүр ме?

– Әлбетте. Алғашқы суреттерім 2015 жылдан бастап бүгінге дейін әлем танитын беделді басылымдар: The Timts, Daily News, Guardian, The Telegraph, New York Times. National Geographic қатарлы газет-журнал, порталдарда жарияланып жүр. Германияның шетелге ұшатын әуе рейстерінде салмағы зор «Лүфтханза» команиясының ұшақішілік журналында жарық көріп жатыр. 

Жуықта АҚШ елінің бір ақпарат компаниясы «Бүркіт» кітабын көріп, осындағы фото суреттерге қатысты сенімен сұхбаттассақ деген ұсыныс айтты. Ал мен үшін мақтанарлық оқиға – бұл албом-кітабым әлемге әйгілі «National geographic» брэндісінің логотивімен шыққаны. 

Сондай-ақ ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдеи мұра тізіміне енген құсбеліглік өнері қазіргі таңда әлемнің 24 мемлекетінде азды-көпті дамып отыр десек, осылардың ішінде ең бір ежелгі қалпын бұзбай сақтап, дамытып келе жатқан Бай-Өлке қазақтары екені даусыз. 

– Қазақтың құсбегілік өнерін тұрақты зерттеумен айналысып, фото түсіргеніңізге қанша жыл болды?

– Биыл 20 жыл болады. Менімен алғаш танысқан бала бүркітші қазір үйлі-баранды жігітке айналса, қариялардың дені бақиға аттанып үлгерді. Бір мақтанарлық оқиға – осылардың соңғы 20 жылдық құсбегілік ғұмыры менің комьпютерімде сурет түрінде сақтаулы тұр. Осылардың ішінен іріктеп алған фотоларым мына кітапқа еніп отыр. Кітапта суреттерден басқа танымал тәжірибелі құсбегілердің бүркітпен аң қағу тәсілі, құс баптау тәжірибесі туралы олардың өз аузынан жазып алған әңгімелер жинақталған.

Әлемдік статистикада жер бетінде бүркіттің 60 түрі бар делінеді. Бай-Өлке қазақтары осылардың ішінде даланың түз бүркітіне (Aquila chrysaetos) құмар келеді. Өйткені, бұл құстың шүйілуі өте жылдым және аң қағу қуаты аса епті. Ол қоянды 3,2 шақырым жерден көреді. Адамның көзі 1 метрден жерден көретін затты дала бүркіті 7 метрден толық көре алады. Менің мына кітабымдағы фотолар түгелдей дерлік дала бүркіттері. 

Бай-Өлке аймақ көлемінде 400-ге жуық бүркітші бары айтылады. Менің ойымша, бұл тізімге сұңқар, қаршыға, ителгі сияқты шәулі (ұсақ құстар) қырандарды баулып жүрген жастар және жасөспірімдерді қосып отырған тәрізді. Нақты айтар болсам, өлкеде тек бүркітшілікпен үзбей тұрақты айналысып жүрген адам саны 200 шамасында. 

Мұндағы қазақ ағайындарда «Жақсы ат, қыран бүркіт – ердің қанаты» деген мақал бар. Бай-өлкелік бүркітшілердің өмір тіршілігіне қарап осы мақалдың рас екеніне көзім жетті. Ойлап қараңызшы, аспанда жүрген қыран құсты, алдап-сулап қолға қонырып, онымен қоймай оған аң ілдіру кез келген халықтың қолынан келетін шаруа емес. Сондықтан да болар қазақ ағайындар бүркітке отбасының бір мүшесі ретінде қарайды. Оның бағым-күтіміне айрықша мән береді. Өздері қыста соғыс сойғанда бүркітке арнап жеке жем дайындайды. Алда-жалда бүркітші құс салып жүріп, басқа бір үйге түссе, үй иелері бүркітті құрметті қонақ деп қабылдайды. Оған кетерінде үкі тағып аттандырады. Бүркіт тұрған жерге жын-шайтан жоламайды деген түсінік бар. 

Менің аңғарған келесі бір дүнием – қарт құсбегілер әрқашан өзіне шәкірт тәрбиелейді. Оған білген-түйген білімін, тәжірибесін үйретеді. Бірақ кез келген адам бүркітші бола бермейді. Бұл атадан балаға, баладан немереге қонатын өнер. Бір сөзбен айтқанда ұрпақ сабақтасқан мектеп.

Байөлкелік бүркітшілермен етене жүріп бір байқағаным олардың үйінде ата-бабалары 150-200 жыл бұрын қолданған бүркіттің жабдықтары бар. Олар бұл бұйымды сыртқа шығара бермейді, құнды зат ретінде сандықта сақтайды. 

Одан кейін Бай-Өлке бүркітшілері ұрғашы бүркітке құмар. Өйткені, ол қыран келеді һәм дене-тұрқы еркегінен әлдеқайда үлкен. Сөйте тұра баптауға тез көндігетін, тіпті ешқашан көндікпейтін де құстар болады екен. Мен көрген құсбегілер кәдімгідей құсымен сөйлесіп, сырласып бәйек болып жатады. Соған қарағанда құс пен иесінің арасында тылсым тіл бары анық.

– Сіздің мына «Бүркіт» туындыңызда байырғы көшпенділердің құсбегілік өнері хақында деректер ба?

– Баршылық. Мысады, тарихи көне құжаттардан алынған сілтеме еңбектерде құсбегілік өнердің 4000 жылдық тарихы бары жазылыпты. Бұның сыртында археологиялық қазба деректерден табылған артефактілерге жүгінсек, Шығыс Азия мен Оңтүстік Сібір жерінде б.ж.б. 3000 жылдары адамдар жыртқыш құстарды қолға үйретіп, аң-құс қағумен айналысқаны жайында болжам бар. 

Оның сыртында, 1253-1255 жылдары француз королы Людовик ІХ тапсырмасы бойынша Моңғол даласына сапарлап келген монах Виллем Рубруктің жазбасында: «Көшпенділер сұңқар қатарлы жыртқыш құстарды томағалап, оң жақ қолына отырғызып алып жүреді» деген пікір айтылса, атақты жиһанкез Құбылай ханның ордасында 15 жыл қызмет атқарған Марко Поло (1254-1324): «Ұлы қаған ордасында үш ай болғаннан кейін теңіз жаққа қарай аң аулап, саят құруға шығады. Бұл сапарында оның қасында бір түмен (10 мың) құсшы ілеседі. Олар сұңқар, қаршыға бастатқан аушы құстарды алып жүреді. Әрбір құсшы құс қауырсынды бас киім киіп, қолындағы құсының аяғына өз аты жазылған сақина тағады» деп жазады.

Сол сияқты әлем әдебиеті мен тарихының ХІ ғасырда жазылған құнды туындысы «Моңғолдың құпия шежіресі» атты еңбекте, қият-боржыған руының рәмізінде сұңқар суреті салынғаны жайлы айтылса, Ішкі Моңғолия жеріндегі Арғы Цайдамдағы ежелгі ғұнн кешеніне жүргізілген қазба кезінде ақсүйектерге тән алтын тәжі табылған болатын. Осы құнды жәдігердің маңдайына сұңқар құстың бейнесі салыныпты. 

Орта ғасырда әлемді жаулап алған Моңғол империясының билеушілері бағынышты елдерге сұңқыр салығын енгізген. Мысалы, Корея елі қаған ордасына жыл сайын мыңдағын сұңқар тектес ұсақ қырандар жіберіп тұрса, орыс князы ІІІ Иван 1491 жылы Ордамен жасасқан шартында жыл сайын салықпен қоса ақсұңқар құсын тапсыратын болған. 

Ал құспен аң қағу жайлы қазақ фольклорында көптеген дерек барын өзіңіз де білесіз. Тіпті Абылай хан заманында хан ордасына қарасты 500 бүркіт, 300 қаршыға болғаны туралы орыс деректерінде жазулы тұр.

– Түсінікті. Батзаяа мырза, сіздің кітабыңызда фотодеректерден басқа, кәнігі тәжірибелі құсбегілердің бүркітті баптау және жемдеу амалы туралы өте жақсы мәлімет беріліпті. Осыны тарқатып айтып көріңізші?

– Сіздің бұл сауалыңызға қатысты жауап бермес бұрын мен байөлкелік құсбегілер: Бәйтей Баби, Асылбек Мана, Далайхан Бошай, Шаймұрат Асқабыл, Оралды Жаңқабай, Серік Жеңісбек, Айшолпан Нұрғайып қатарлы бүркітшілермен жата-жастана әңгімелесіп жазып алып, кітапқа енгізген деректер негізінде жауап берейін. 

Өзіңіз сұрағандай, бүркіттің аңға түсуі және бабының қануы оның жеген жемі яғни, тамақтануына тығыз байланысты. Кәнігі құсбегілер «тоқ бүркіт түлкі алмайды» дейтін қағиданы берік ұстанып, құсына жем беру тәсілін шебер меңгерудің арқасында аңшылық құра алады. Жемі сәйкеспесе бүркіттің күйі келмейді. Күйі келмеген бүркіт аңға түспейді. 

Бүркітті жемдеу дегеніміз – оны семіртіп, арытып, ішін тазалап, етін қатыруды айтады. Бұл тәсілдері құсқа жемді аз немесе көп беру арқылы жүзеге асырады. Бүркіт негізінен етпен қоректенеді. Кейбір кездерде қажеттілікке байланысты құсына балық болмаса, құстың етін жегізетін де бүркітшілер бар. 

Аңшылық маусымы тоқтаған жаз сияқты мезгілде түлеп отырған бүркітті тез семірту үшін майлы, құнарлы, тоқ жем береді. Ал, қайыру кезінде жемнің түрін өзгертіп, майсыз, арық, құнарсызын береді. Сонар басталған аңшылық кездері, яғни қыс айларында бүркіттің бабына қатысты құнарлы, құнарсыз әртүрлі жем беріп, баптайды. Яки, бүркіт әлжуаздана бастаса, майлы ет беріп қуаттандырады, ал құс тым тоқ болса, құнарсыз ет беріп, ашықтырады. 

Бүркіт жеген жеміне сай бабы қанып, зарына түседі. Сондықтан да бүркітті жемдеу мәселесі, құсбегіліктің аса бір маңызды қыры саналады. Тәжірибелі бүркітшілер құсына «жылы жем» бергенді құптайды. Жылы жем деп жаңадан ұстаған қоянның етін айтады. Сондықтан да, байырғы құсбегілер қолындағы құсына осы жемнің түрін тұрақты беріп отыру үшін, қосымша қаршыға, сұңқар, лашын сияқты қояншыл құстарды қосып асырайтын дәстүр бар. Бұл шағын құстарды жас құсбегілер баптап ұстап, қоян алдырады және болашақ құсбегіліктің өнерін үйренеді.

Бүркіттің жеміне қой, сиыр, жылқының еті сапалы саналады да, ешкінің еті берілмейді. Дала аңдарының ішінен сасықкүзен мен мәліннің етін бүркітке жегізуге болмайды. Өйткені, мұндай еттер құсты бұзады. Құсбегілер түлекте отырған бүркітке суырдың етін бергенді құп көреді. Егер құс түлемей кешіксе, оған семіз балық жегізеді. Бірнеше дүркін тойып балық жеген құс жүні кеуіп, тез түлейді. Малдың етін құсқа бергенде бүркітшілер жапырақтап турап береді. Көбінде малдық сан етін жегізеді. Ескірген немесе ауырып өлген малдың етін бүркітке беруге болмайды. 

– КереметЕнді қыран құсты аңға салу тәсілі туралы айтып берсеңіз?

– Құсты әбден қолға үйретіп алған соң аңға салады. Бапсыз бүркіт аңға түспейді. Сондықтан оны баптап, баулиды. Құс әртүрлі болады. Кейбірі тым күйшіл, бапшыл келеді. Оны айыра білу құсбегінің міндеті. Тәжірибелі құсбегілер түлек кезіне қатты мән береді. Жақсы түлеген құстың жүні жетіліп, ақсүйектеніп әлденеді, сыртынан қарағанда құлпырып тұрады, жүні толық жетіледі. Жүні жетілген құс суыққа тоңбайды. 

Көбінде құсты жаздың айында түлетеді. Ол үшін бүркітті таза бұлақтың басына байлайды. Шымды саздан жұмсақ тұғыр жасап отырғызып, қара тұяғын жетілдіреді. Одан кейін қатты тас тұғырға отырғызып, тұяғын қатайтып, шымырландырады. Одан кейін қайырады. Қайыру кезінде жемнің май-сөлін арылтып, суық суға салып ақжем етіп береді. Жемнің құнары аз болған сайын дұрыс саналады. 

Құсты қайырған кезде арықтатып алудан сақтанған жөн. Арықтаған бүркіт әл жинай алмай қалады. Қайыру қырық күнге созылады. Қайыруы сәйкесіп, бабына келген құстың күйін тәжірибелі құсбегілер ажарына қарап біледі. Бабы келген бүркіттің төс еті жұқарып, саны сыртқа теуіп, ұмсынып, жұтынып отырады. Қайыруы кем бүркіттің саңғырығы көгілдір тартып тұрады. Саңғырығы ағарып тазарған құсты бүркітшілер «талпынды» дейді. Кейбір күйшіл құстарды тыңайту үшін қойдың жауырын және мойын етін жегізеді. Оны «мойынға қондыру» деп атайды. 

– Құсбегілер бүркітпен тек түлкі алдырмайды, басқа да аңға салады. Осы орайда бүркіттің аң ілу амал-айласы туралы не білесіз?

– Әрбір аң бүркітке оңай алдырмайды. Оның да табиғи қарсыласу тәсілі болады.  Қорқақ қоянның өзі қашып бара жатып үстінен бүркіт төніп келген де інге кіреді, қуысқа тығылады. Немесе бүркіт шүйіліп келіп сыпыра бергенде, бұлт беріп, құстың үстінен секіріп кетеді. Егер қатты тар жер болса бүркітті тас қаптырып, өлімге душар етеді. Еңіске қарай қашса бүркітке тез тұтылатынын білетін қоян әлбетте өрге қарай қашады. Қоянды ұстау үшін де бүркітке өте ептілік керек. 

Бабы қанған құс қасқырға түседі. Қасқыр түлкідей емес аңғал, алаңғасар келеді. Бастабында не болғанын түсінбей, тұмсығынан шеңгелдеп алған бүркіттен құтылу үшін секіріп, тулай береді. Алда-жалда бүркіттің шеңгелі босап кетсе, дереу боршалап өлтіреді. Сондықтан да алғыр қыран қасқырды шеңгелдеген күйі көзін шығаруға тырысады. Ең бастысы құсының қасқырға түскенін білген құсбегі дереу жетіп, қолындағы жарақпен қасқырдың шабын немесе ішін жарып көмектеседі.

Үйретілген бүркіт қоңыр аңдарға да (бұғы, марал, киік, тауешкі т.б) түседі. Көбінде биік құз шағылдардың бетінде, тасқа шығып, серейіп  тұрған сәтінде қоңыр аңды қатты тебінмен түйіліп келіп соғып, тастан құлатып жібереді. Кәнігі құсбегілер бүркітті қайырып баптаған кезде, елік, арқар, тауешкі сияқты қоңыр аңдардың өлі басын алып келіп, екі мүйізінің арасына ет байлап, оны жегізіп дәніктіреді. Кейін аңға салған кезде дәніккен құс үйренген әдетімен қоңыр аңның басына келіп қонады да, оның екі көзін шоқып, алады. Соқыр болып қалған аң ұзай алмай айналып тұрып қалады. 

Одан кейін бүркітке оңай алдырмайтын аңның бірі – ұлар. Бүркіт шүйіліп келіп қалған кезде ол құйрығын дөңгеленте жайып, басын жауып, бұға қалады. Бүркіт ұлардың құйрық қауырсынын сыпыра уыстып, қапы қалады. Үкіні бүркіттің бірі алса да, енді бірі ала алмайды. Оның қауіпті қаруы – инедей өткір тұяқтары. Сол тұяқтарымен шеңгелдеп бүркіттің денесін жарақаттап, жемсауын жарып жібереді. Көбінде бүркіт оны ұшып жүрген кезінде екі аяғын бір аяғымен қабаттай бүріп, шеңгелдеп ұстайды. 

Бүркітке мәлінді ұстау өте қиын. Мәліннің тұлыбы кең, майы қалың болады. Терісі көлкілдеп бос жатады. Бүркіт келіп ұстағанда мәліннің мойны басы терісінің ішінен айналып кіріп кетіп, аузымен бүркіттің аяғын шайнап тастайды. Мәліннің тістеген жері мен жарақаты көзге біліне бермейді, бірақ соңынан бітеу жараға айналып, уыттанып, асқынып бүркітті өлімге де соқтырады. Оның өткір тістерінің уыты күшті болады. Мәлінді білетін алғыр бүркіттер оның аузын бүре ұстап, өлтіреді. 

– Қазақтың құсбегілік өнерін, бүрткішілік қасиетін әлемге дәріптеп жатқаныңызға ризамыз. Ісіңізге сәттілік тілейміз.