Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Д. Трамп: «Путин адамдардың қаза табуын тоқтатқысы келеді»

93


Дональд Трамп журналистерге Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенін мәлімдеді. Америкалық көшбасшының айтуынша, тараптар Украина мәселесін талқылаған.

▫️ Д. Трамптың сөзінше, әңгіме барысында Ресей президенті «адамдардың қаза болуын тоқтатқысы келетінін» жеткізген.

▫️ АҚШ президенті ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Уолтцқа келіссөздерді бастауды тапсырды: «Кездесулерді бастайық. Олар кездескісі келеді. Күн сайын адамдар көз жұмады. Жас, көрікті сарбаздарды өлтіруде. Менің ұлдарым сияқты жас жігіттерді. Екі жақтан да. Майдан даласында».

▫️ Сонымен қатар, Трамп Украинадағы арнайы әскери операция (СВО) туралы өз ұстанымын тағы да қайталады: егер сол кезде АҚШ-та басқа президент болғанда, бұл соғыс басталмас еді. «Байден – ел үшін масқара», – деді ол.

▫️ Украина тарапымен 500 миллион долларлық келісім жоспарлануда. Оған сәйкес, АҚШ қауіпсіздік кепілдігіне айырбас ретінде Украинаның сирек кездесетін жер ресурстарына және басқа да табиғи байлықтарына қол жеткізеді.

Бұл жағдай туралы не айтуға болады?

Кем дегенде, Ресей мен АҚШ арасындағы қарым-қатынаста белгілі бір ілгерілеу байқалады. Демек, Еуразия аумағында тұрақсыздықтың тағы бір ошағы азаюы мүмкін.

Одан бөлек, АҚШ-тың 47-президенті бұл қақтығыстың туындауына өз елінің кінәсін мойындап, Байденді айыптағаны да назар аудартатын жайт.

Д. Трамптың соғысты тоқтату жөніндегі ұстанымы – Украина НАТО-ға кірмей, өз қауіпсіздігін табиғи ресурстарымен «сатып алады». Бұл жағдай Ресейдің арнайы әскери операциясының (СВО) мақсаттарымен сәйкес келеді, өйткені Украина бейтарап мәртебеде қалады.

Қалған мәселелер, егер бұл ірі келісім жүзеге асса, жақын арада белгілі болары сөзсіз.