2016–2024 жылдар аралығында күдікті биологиялық қоспалар сату желеуімен салымшыларды тартқан. Ол әр жаңа қатысушы үшін 10%-дан 300%-ға дейін табыс уәде еткен, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА).
Салым сомасы 7 500 теңгеден 2 млн теңгеге дейін өзгерген. Күдікті Happy Life KZ қаржы пирамидасына 35 адамды, негізінен жеңіл табысқа сенген зейнеткерлерді тартқан.
Заңсыз алынған қаражатқа күдікті елордадағы элиталық тұрғын үй кешенінен 36 млн теңгеге пәтер сатып алған. Қазіргі уақытта бұл мүлікке тыйым салынды.
Күдіктіге қатысты елден кетпеу және тиісті тәртіп сақтау туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасуда.