Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Дәл қазір Оңтүстік Кореяда не болып жатыр?

106



Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёльдің дегені болмай қалды. Елдегі «әскери жағдай» алынып тасталды. Оған Парламент ықпал етті.

Енді Парламенттегі оппозиция өкілдері Юн Сок Ёльге талап қойып отыр. Яғни, өз еркімен қызметінен кетпесе, онда импичмент (биліктен тайдыру) жарияламақ.

Кеше Президенттің тапсырмасын бұлжытпай орындаған Қорғаныс министрі Ким Ён Хён бүгін халықты әбігерге салғаны үшін кешірім сұрап, қызметінен кетуге өтініш берді.