Данияда қасиетті Құранды өртеу акциясын тағы да ұйымдастырды. Бұл жолы оны оңшыл радикалды партияның жетекшісі Расмус Палудан жүзеге асырды. Ол бұл әрекетті Копенгагендегі Түркия елшілігінің алдында жасады.
Өзінің Instagram парақшасында Расмус Палудан бұл қадамға Швецияда бірнеше рет Құранды өртеп, кейін Стокгольм маңындағы үйінде TikTok-тағы тікелей эфир кезінде оққа ұшқан Салван Момикенің құрметіне барғанын айтты. Антиисламдық көзқарастағы саясаткердің айтуынша, Дания полициясы оған Момикені қолдауға арналған митинг өткізуге рұқсат бермеген.
Расмус Палудан бұған дейін де Швециядағы Түркия елшілігінің, сондай-ақ Даниядағы Ресей елшілігінің алдында Құран өртеген.
2023 жылы Данияда Құранды өртеуге заң жүзінде тыйым салынды. Діни мәтіндерді "қадірсіз түрде пайдалану" үшін айыппұл немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Еуропа елдерінде Құранды өртеу әрекеттерін қатаң айыптаған болатын.
* Фото: Расмус Палуданың Instagram парақшасы.