Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Демократтар Камала Харристі қолдаса Трампты жеңуі мүмкін

61



 

Сенбі күні АҚШ-тың вице-президенті Камала Харрис Жаңа Орлеандағы қара мәдениеттер күні фестиваліне қатысып, жергілікті басылымға сұқбат беріп өзінің өмірі мен Ақ үйдегі қызметі туралы ауқымды сұқбат берді. Бұл қара нәсілді, президенттің орынбасарының жылда қатысатын іс-шараларының бірі. Мұнда ешқандай саяси астар болмаса да Джо Байденнің Трамппен өткен дебатынан кейін оның денсаулағына алаңдаған демократтардың жанталасып ең болмаса Камала Харристің кандидатурасын ұсынуды көздеген әрекеті Дональд Трамп үшін де пайдалы болуда.

Сахнада сөз сөйлеген вице-президент Джо Байденнің денсаулығы туралы ештеңе айтпады.

Керісінше Байденді қорғап бағып келеді. Президент сайлауы жақындаған сайын бірқатар демократтар Камала Харристі қолдап отыр.

Жексенбі күні калифорниялық  конгрессмен Адам Шифф NBC Meet The Press бағдарламасында Байденсайлауда жеңу керек немесе тізгінді Камала Харриске беру керек дегенді ашық айтқан еді. Әзірше Джо Байден өзінің денсаулығы жақсы екенін және Дональд Трампты жеңетінін айтып сендіруде. Демократтар нақты саяси шешім қабылдамағанмен алдағы уақытта Президенттікке үміткер ауысып, АҚШ тарихында алғаш рет қара нәсілді әйел адам президент сайлауы науқанына қатысуы да ғажап емес.

Дегенмен бәрін уақыт көрсетеді.

 

Асылбек Байжұмаұлы