2022 жылы Украинаға толыққанды басып кіргеннен бері Ресей батыс елдері
тарапынан дипломатиялық оқшауланды. Венгрия
премьер-министрі Виктор Орбанның Мәскеуге сапары 2014 жылдан бері Ресейді саяси, дипломатиялық тұрғыдан
келісе отырып оқшаулау саясатын бұзды. Сонымен қатар Ресейге енгізілген қатаң
санкциялар әлемнің экономикасына әсер етпей жатқан жоқ.
Сондықтанда батыс елдерінің көшбасшылары қанша тырысқанымен Ресейді толық
оқшаулай алмады және ол мүмкін емес. Ресей әлі күнге дейін КСРО
республикаларымен, Қытаймен, Иранмен, Африка және Латын Америкасы елдерімен
араласып келеді. Саяси және сауда экономикалық қатынастары жалғасуда.
Сонымен қатар Ресей ерте ме, кеш пе батыс өздері бастамашы болып келссөз
жүргізе бастайтынын біледі. Алайда Ресейге деген көзқарасын ашық білдірген және
қолдаудан бас тартпаған Украинаға басқыншылық соғысын қолдағандардың бірі
Орбан. Ол өзінің саяси позициясын өзгерткен жоқ. Дипломатиялық оқшаулау 2014 жылы
Нормандияда және Брисбендегі жиырмалық кездесуі Путинсіз өтті.
Малайзияда өткен кездесуде батыс елдерінің басшылары Путинмен салқын
амандасып, жеке кездесуден қашып, тіпті фотоға түскенде ең шетіне тұрғызып
қойды. Мұндай қорлыққа төзбеген Путин кездесу аяқталмастан кетіп қалған еді.
Соңғы кездесу Италияда өткен «Еуропа-Азия» форматында өтіп, Путинмен Ангела
Меркель кездескен еді. Орбан 2015 жылы Мәскеуге келсе, сол жылы Путин Венгрияға
іссапармен барып қайтты. Қазіргі таңда Ресей мен батыстың сауда саттық айналымы
соғыстың алдындағы кезеңге қайта оралды.
Бұған Батыстағы көшбасшылардың ауысуы да ықпал етті. Президенттер Дональд
Трамп пен Эммануэль Макрон, кейінірек канцлер Олаф Шольц, Италияның жаңа
премьерлері Ресеймен өз қарым-қатынасын бастауға ұмтылды. Путин бұл
кездесулерді өзінің Украинаға жасаған аннексиясына қолдау табу мақсатында
пайдалануға тырысты.
Орбанның Украинаға қатысты өзінің де ішкі есебі бар. Ол Украинаға орыс
тілінен бас тартуы арқылы Украинаның мекендеген мажар халқына қысым көрсетті
деп есептейді. Ол
соғыс басталғаннан кейін, 2022 жылдың қыркүйегінде Мәскеуге Михаил Горбачевпен
қоштасу үшін келген жалғыз батыстық көшбасшы болып шықты. (ол кезде ресейлік
басшылықпен ресми кездесулер болмады), ал 2024 жылдың қаңтарында Венгрия
Еуроодақты айналып өту жолдарын іздеуге мәжбүрлеп, Украинаға еуропалық көмек
пакетін бұғаттады.
Қазір батыс әлемінде, өткен онжылдықтың ортасындағы сияқты, тағы да
көшбасшылар ауысуы байқалады. Ұлыбританиядағы, Францидағыя парламенттік сайлаудың
қорытындысы мен АҚШ тағы
қарашадағы президент сайлауы және 2025 жылғы Германиядағы Бундестагтағы канцлер
сайлаулары әлемдегі геосаяси ахуалға өзгерістер әкелетіні сөзсіз.
Орбан осы мүмкіндікті пайдаланып, Еуропа елдерінің Ресеймен қайтадан
дипломатиялық қарым-қатынас жасай бастайды деген сенімде. Өзінің Еуроодақтағы
төрағалық мандатын пайдалан отырып Ресей мен батыс арасында көпір салып,
Украина мен Ресейдегі соғысты тоқтатқан көсем ретінде көріңгісі келеді.
Трамп АҚШ президенттігіне сайланады деген нық сенімді ұстанған Орбан 2024
жылдың аяғында Будапеште өтетін Еуроодақтың саммитіне Трампты шақырып, Путин
екеуінің кездесуін ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Батыс елдерінің қарсылығына қарамастан Орбан Украина, Ресей, Қытай басшыларымен кездесіп, алдағы
уақытта АҚШ-қа баруды жоспарлауда. Алайда Еуроодақ өкілдері Орбанның Еуроодақ
атынан қандай да бір елдермен келіссөз жүргізуге мандат берілмегенін айтып
отыр.
Демек, алдағы болжамды саяси ахуалды өз мүддесіне пайдаланғысы келген
Орбанның әрекеттері сәтсіз аяқтала ма, жоқ па оны уақыт көрсетеді.
Асылбек Байжұмаұлы