Дональд Трамп: Иран ядролық қаруға ие болмауы тиіс

44



Munarmedia.kz | 15.06.2025 /Астана/-АҚШ Президенті Дональд Трамп Таяу Шығыстағы елшіліктерден америкалық дипломатиялық қызметкерлерді көшіру туралы шешім қабылдағанын растады. Бұл туралы ол журналистермен кездесу барысында мәлімдеді.

Журналистер АҚШ-тың дипломаттарын неліктен көшіріп жатқанын сұрағанда, Трамп бұл аймақтың жақын арада қауіпті аймаққа айналуы мүмкін екенін айтып, түсініктеме берді.

«Бұл аймақ қауіпті орынға айналуы ықтимал. Күтейік, не боларын көрейік. Бірақ Иран ядролық қаруға ие болмауы керек. Біз бұған жол бермейміз», – деді Дональд Трамп.

Айта кетейік, бұған дейін Reuters агенттігі аты-жөнін жарияламаған дереккөзге сілтеме жасап, АҚШ Ирактағы Елшілігін ішінара көшіруге дайындалып жатқанын хабарлаған. Сонымен қатар, Ирактағы америкалық әскери қызметкерлердің отбасы мүшелеріне елден шығуға мүмкіндік беріліп жатқаны туралы ақпарат та жарияланған болатын.