Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Д.Трамп: Кейде мәселені шешу үшін шара қолдану — дәрі ішу секілді қажет болады

54


Сәуірдің 6-сы күні АҚШ-тың акциялар нарығындағы құлдырау туралы сұраққа жауап берген АҚШ Президенті Дональд Трамп бұл жағдай әдейі жоспарланбағанын айтты.

Д.Трамп президенттік арнайы ұшақ – «Эйр Форс Уан»-да журналистермен кездескен кезде кедендік тарифтерге қатысты ауқымды шаралардың АҚШ экономикасына ықпалы туралы пікір білдірді.

«Мен акция бағасының төмендеуін қаламаймын. Бірақ кейде мәселелерді шешу үшін амал қолдану – дәрі қабылдау секілді қажет болады», – деді Д.Трамп.

Сондай-ақ, Трамп АҚШ үкіметінің кедендік тарифтер енгізу жоспары жайында Еуропа мен Азия елдерінің бірқатар басшыларымен сөйлескенін, олардың келісімге келуге ерекше ынталы екенін мәлімдеді.