Душанбеде Рамазан айында ет бағасын көтерген саудагерлер қамауға алынды

26

Munarmedia.kz 23.02.2026 /Astana/ Тәжікстан астанасы Душанбеде Рамазан айында ет бағасын негізсіз өсірген саудагерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қалалық полицияның хабарлауынша, Умед Р. мен Файзулло Д. есімді азаматтар (құқық қорғау органдары олардың толық аты-жөні мен фотосуреттерін жариялаған) етті белгіленген бағадан жоғары сатып, қосымша пайда табуды көздеген.

Сот шешімімен әрқайсысына 5 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Image


Бұған дейін Тәжікстан билігі кәсіпкерлерге Рамазан айында бағаны негізсіз көтеруге жол берілмейтіні жөнінде алдын ала ескерту жасаған болатын. Қазіргі уақытта базарлар мен сауда орындарында тұрақты тексерулер жүргізіліп, баға алыпсатарлығын болдырмау шаралары күшейтілген.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да кәсіпкерлерге үндеу жасаған еді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан кезеңінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын халыққа барынша қолжетімді бағамен ұсынуға шақырған болатын.

Қасиетті айда қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілік пен әділ сауда қағидаттарын сақтау мәселесі айрықша мәнге ие болып отыр.