Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Джеффри Сакс: Трамп қателеседі, ол басқа елдерге сес көрсете алмайды

57


АҚШ президенті Дональд Трамп Америка нарығының ауқымдылығын өзге мемлекеттерге қысым жасау құралы ретінде қолдана алады деп қателеседі. Бұл туралы Колумбия университетінің профессоры, белгілі америкалық экономист Джеффри Сакс РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында айтты.

«Трамп АҚШ нарығының көлемі оған басқа елдерге тарифтер арқылы қысым жасауға мүмкіндік береді деп ойлайды. Мен бұл пікірмен келіспеймін», – деді ол.

Сакстың түсіндіруінше, егер Вашингтонмен сауда қатынастары мүлде үзілсе де, әлемнің қалған бөлігі бұдан қатты зардап шекпейді.

Экономист қазіргі әлемдік тәртіп көпполярлы сипатқа ие екенін атап өтті.

«АҚШ-қа бұл ұнай ма, жоқ па – әлем көпполярлы бағытқа бет алды», – деп мәлімдеді Сакс.

Оның айтуынша, егер Америка халықаралық сауда байланыстарын жоғалтса, АҚШ-тың өзі де үлкен қиындықтарға тап болады.

«Қазіргі кезде әлемдік күштердің нақты теңгерімі айтарлықтай өзгеріп жатыр», – деп қорытындылады профессор.