Енді дәрігерлер видеожетонмен жүреді

34

Munarmedia.kz. 11.09.2026. ASTANA. Қазақстанда медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін күшейту үшін смарт-бейжетондар енгізіліп жатыр.

Пациент тарапынан шабуыл немесе қауіп төнген жағдайда құрылғы автоматты түрде полицияға дабыл жібереді. Қазір жоба Шымкент қаласы мен Жамбыл облысында іске қосылған.


Жыл соңына дейін жүйені толық енгізіп, 2,1 мың жедел жәрдем бригадасы мен 3,8 мыңнан астам медицина қызметкерін қамту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар стационарларда медицина мамандарына қатысты агрессия фактілерін анықтайтын «ақылды» бейнекамералар орнатыла бастады.

Бұл медицина саласы қызметкерлерінің қаупсіздігін қамтамасыз етуге арналған шара. Тек енді видеожетондар сапалы әрі арзан болса жақсы болар еді. 

#Медицина #Дәрігер #ЖеделЖәрдем #Қауіпсіздік #СмартТехнология #Қазақстан #Munarmedia