Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Есірткі саудасы Орта Азияда өршіп тұр

17


Соңғы бірнеше жылда Қазақстан Орта Азиядағы есірткі  өндірісінің орталығына айналды. 2020 жылы БҚО полиция жеке тұрғын үйлерді есірткі лабораториясына айналдырғандарды анықтады.

Тексеру барысында полиция сол жерде 11,4 кг мефедрон және 8,1 кг пировалирион тапты. Бұл "синтетикалық" заттардың жалпы саны шамамен 120 мың доза болды. Бұл өнімнің "қара нарықтағы" бағасы 950 мың доллардан астам болды. Сол уақытта бұл Қазақстан тарихындағы алынған ең ірі "синтетика" партиясы болды. Есірткіні Украина азаматтары өндірген.

2022 жылдың желтоқсан айының соңында қазақстандық полиция екі құпия есірткі лабораториясын және 700 литр прекурсорлар сақталған қойманы жапты. Полиция алты Украина азаматын қамауға алды.

2024 жылдың қаңтарында полиция тағы екі нарколабораторияны жапты . Есірпткі лабораторияларынан   300 килограмнан астам "синтетика" табылды. Өндірушілер тағы да Украина азаматтары болды.

Бұл туралы  Қазақстанның Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Кожаев биылғы жылдың мамыр айында Мажіліс отырысында былай деді:

"Соңғы жылдары Қазақстан Орта Азиядағы есірткі бизнес өндірісінің орталығына айналды. Бізде заңсыз өндірілетін "синтетикалық" есірткі қазір Қырғызстан мен Өзбекстанға сатылуда..

Қазақстанның көршілерінде де жағдай тұрақты емес. Қырғызстанның Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, 2021-2023 жылдары республикада 27 есірткі лабораториясы жабылды.

"Есірткі лабораторияларын жою нәтижесінде үш жыл ішінде заңсыз айналымнан 1 800 кг наркотикалық заттар, психотропты заттар және прекурсорлар алынған."

Өзбекстанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің мәліметі бойынша, синтетикалық наркотиктер Ауғаныстан мен Қырғызстаннан әкелінеді. Бір ай бұрын Президент әкімшілігінің Ұлттық есітркі айналымын бақылау  орталығының директоры Равшан Маматов былай деді:

"Талдауға сәйкес, соңғы бес жылда Өзбекстанда есірткі сааудасы  екі есеге,  синтетикалық наркотиктердің алынуы 400 есеге артқан."

Тәжікстан билігі өз елінде есірткі бораторияларның  жоқтығын мойындайды. Олардың мәліметі бойынша барлық есірткі, соның ішінде "синтетика", Ауғанстаннан келеді.

Синтетикалық есірткілер  өндіру – пайдалы бизнес түірен айналған. Сондықтан Қазақстан мен Қырғызстанда "синтетика" өндірумен бірнеше банда айналысуы мүмкін.

Зертханаларда  ұсталғандардың айтқан сөздеріне қарағанда, бұл бандалардың әрқайсысы желілік құрылым болып табылады. Есірткі  өндірушілер мен таратуышылар бір-бірі туралы, сондай-ақ оларды басқаратындар туралы ешнәрсе білмейді.

Тіпті, "оқыту семинарлары" да өткізіледі, жаңа мүшелері Даркнетте жұмыс істеуді,  полициядан құтылуды, сондай-ақ ұстауға алынған жағдайда тергеу барысында өзін қалай ұстауды үйренеді.

"Оқыту" мазмұнын талдау көрсеткендей, бұл іс-шараларды қазіргі немесе бұрынғы арнайы қызметтердің қызметкерлері жүзеге асырады. Мұнда олардың қай елден келгені маңызды емес.