Еуропалық Одақ (ЕО) елдеріне АҚШ-тың қолдауынсыз Ресейден қорғану үшін 300 мың әскери қызметкер және жылына 250 миллиард еуро көлемінде қосымша қорғаныс шығындары қажет.
Бұл туралы Брюссельдік Bruegel зерттеу орталығы мен Германиядағы Киль әлемдік экономика институтының «Еуропаны АҚШ-сыз қорғау: бастапқы есеп» атты баяндамасында айтылды.
ЕО-ға қандай әскери күш қажет?
🔹 300 мың сарбаз – шамамен 50 әскери бригада.
🔹 1400 жаңа танк және 2000 жаяу әскер техникасы.
🔹 Жалпы қорғаныс шығындарын жылына 250 млрд еуроға дейін арттыру.
Зерттеу авторлары ЕО-ға мүше 28 ел әскери координацияны жақсартып, бірлескен қару-жарақ сатып алу туралы келісімге келуі керек деп санайды.