Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Қазақстанның солтүстігіне газ құбырын Ресей салады

59


Қазақстанның солтүстік және солтүстік-шығыс өңірлерін газбен қамту үшін магистральдық газ құбырын салу міндетін Ресей өз мойнына алды. Бұл туралы 18 ақпанда Ресей Үкіметінің қаулысында жарияланды. Құжат РФ құқықтық ақпарат порталында жарияланған.

Жоба туралы не белгілі?

🔹 Жобалық қуаты: жылына 10 миллиард текше метр газ тасымалдау.
🔹 Компрессорлық станциялар: 50 МВт қуаттылықта жұмыс істейді.
🔹 Маршрут: Түмен облысы аумағы арқылы өтеді.

Қазақстан қандай нұсқаларды қарастырды?

Бұған дейін энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев газдандыру мәселесін шешу үшін екі нұсқа қарастырылып жатқанын мәлімдеген:

1️⃣ «Сарыарқа» жобасын жалғастыру – Қазақстанның өз газы арқылы Солтүстік Қазақстанды газдандыру.
2️⃣ Ресейден газ импорттау – балама нұсқа ретінде қарастырылды.

Министрдің айтуынша, екінші нұсқа таңдалған. Осылайша, Қазақстанның солтүстік өңірлері ресейлік газға тәуелді болмақ.