Munarmedia.kz.17.11.2026.ASTANA  Қазақстанда 2027 жылдан бастап құрғақшылық, су тасқыны және басқа да табиғи апаттарды алдын ала болжауға арналған жасанды интеллект технологиялары сынақтан өткізіледі.

Жаңа технологиялар табиғи қауіптерді ертерек анықтаумен қатар, су ресурстарының жағдайын және ауыл шаруашылығы жерлерінің жай-күйін бағалауға мүмкіндік береді.

Бұл бағыттағы жобалар Қытай мен Оңтүстік Кореяның ғылыми ұйымдарымен бірлесіп әзірленіп жатыр.

Жасанды интеллектіні табиғи ресурстарды бақылау мен төтенше жағдайларды болжау жүйесіне енгізу климаттық тәуекелдерді бағалауға және ықтимал апаттардың зардабын азайтуға бағытталған.

#Қазақстан #ЖасандыИнтеллект #ТабиғиАпат #СуТасқыны #Құрғақшылық #Қытай #ОңтүстікКорея #Munarmedia