Munarmedia.kz.01.11.2026.ASTANA -Еуропада табиғи газ бағасы 2022 жылдың соңынан бері алғаш рет бір мегаватт-сағат үшін 100 еуро межесінен асты. Нидерландтағы TTF газ хабында отын құны 100,20 еуроға дейін көтерілген. Соңғы бір айда газ бағасы үштен бірінен астам өскен.
Бағаның қымбаттауына алдағы қыс мезгілінде отын тапшылығы болуы мүмкін деген қауіп себеп. Бұған газ қоймаларындағы қордың жеткіліксіздігі мен жеткізілімдердің үзілуі әсер етіп отыр.
28 қазандағы мәлімет бойынша, Еуропадағы жерасты газ қоймаларының орташа толымдылығы шамамен 75 пайызды құраған. Ал Германиядағы көрсеткіш 61 пайыз ғана болған. Германияда көптеген қоймалар 1 қарашаға дейін 80 пайызға толуы тиіс.
Нарықтағы жағдайды Иранмен соғысқа байланысты Ормуз бұғазы арқылы сұйытылған табиғи газ жеткізілімдерінің бұзылуы және Норвегиядағы газ нысандарының жоспардан тыс тоқтауы да күрделендіріп отыр.
Соған қарамастан, Германияның Федералдық желілік агенттігі елдегі газбен жабдықтау жүйесі тұрақты жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді.
Бүгін таңертең газ бағасы бір мегаватт-сағат үшін шамамен 97 еуроға дейін төмендеген. Бұл 2022 жылғы энергетикалық дағдарыс кезінде тіркелген 345 еуролық шарықтау шегінен әлдеқайда төмен. Дегенмен сарапшылар қыс қатты болса немесе жеткізілімдер қайта үзілсе, газ бағасы одан әрі өсуі мүмкін екенін ескертеді.
#Еуропа #ГазБағасы #Энергетика #Экономика #ЭнергетикалықДағдарыс #ӘлемЖаңалықтары