Қазақстанда көлік жуу орындарында ауызсуды пайдалануға шектеу қойылуы мүмкін

37

Munarmedia.kz.01.11.2026.ASTANA-Елімізде  автомойкаларда орталықтандырылған ауызсуды пайдалануды шектеу жоспарланып отыр. Осы мақсатта Су кодексіне тиісті түзетулер әзірленді. Бұл туралы 29 қазанда Үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді.

Ұсынылып отырған өзгерістер су ресурстарын ұтымды пайдалануға және су шығынын азайтуға бағытталған.

Министрдің айтуынша, 2026 жылдың басынан бері су пайдалану талаптарын бұзудың 758 дерегі анықталған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі еседен астам көп.


#Қазақстан #СуРесурстары #Ауызсу #Автомойка #СуҮнемдеу #Экология