Munarmedia.kz.01.11.2026.ASTANA-Қазақстанда орнатылған 1,8 миллион бейнебақылау камерасының көмегімен 13,8 мың қылмыс ашылып, 763 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілген.
2026 жылдың басынан бері елдегі қылмыс деңгейі 15 пайызға төмендеген. Жыл соңына дейін бейнеаналитика жүйесімен жабдықталған камералар санын 60 мыңға жеткізу жоспарланып отыр.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында 58 мың адам тексеруден өткен. Сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 9 пайызға азайған.
Полицияға мобильді қосымшалар арқылы 138 мың өтініш түскен.
#Қазақстан #Қауіпсіздік #Бейнебақылау #Полиция #Қылмыс #Цифрландыру