Еуропада Ресей басшылығына қарсы арнайы трибунал құрылады

51


Munarmedia.kz. 28.06.2025 /Астана/-Еуропа Кеңесі мен Украина Ресейдің жоғары басшылығын Украинаға қарсы агрессия қылмысы үшін жауапқа тартатын арнайы халықаралық трибунал құру туралы келісімге келді.

Келісімге Украина президенті Владимир Зеленский мен Еуропа Кеңесінің бас хатшысы Ален Берсе қол қойды, деп хабарлайды BBC.

BBC дерегінше, рәсім Страсбургте өтті. Украина президенті бұл қалаға Гаагада өткен НАТО саммитіне қатысқаннан кейін барған.

Трибунал БҰҰ Жарғысына сәйкес «агрессия қылмысы» ретінде танылатын әрекеттерді қарайтын болады. Бұл — бір мемлекеттің басқа елдің егемендігіне, аумақтық тұтастығына немесе саяси тәуелсіздігіне қарсы қарулы күш қолдануы.