Munarmedia.kz. 28.06.2025 /Астана/-Атап айтқанда, зейнетақылар мен жәрдемақылар 10 пайызға өседі, бұл аз қамтылған отбасыларға берілетін төлемдерді де қамтиды. Жасы бойынша ең төменгі зейнетақы 918 мың сумды құрайды, ал мүгедектігі бар азаматтарға тағайындалатын төлем 1 миллионнан асады. Балаларға арналған жәрдемақы мен әлеуметтік көмек те артады, деп хабарлайды Exclusive.kz Өзбекстан басылымдарына сілтеме жасап.
Енді зейнетақы мен өтемақылар proactive форматта — азаматтардың өтінішінсіз тағайындалатын болады. Мүгедектік белгіленген кезде зейнетақы автоматты түрде тағайындалып, еңбек өтілі бар болса, әр екі жыл сайын қайта есептеледі.
Күрделі әрі тәуекелі жоғары процедураларды жүргізетін дәрігерлерге жалақысының 100 пайызына дейін үстемеақы төлене бастайды. Мүгедектігі бар адамдарға да өтінішсіз салықтық жеңілдіктер берілмек.
Сыртқы сауда жүктеріне арналған ветеринарлық және фитосанитарлық құжаттарға мөр мен штамп қою талаптары алынып тасталды. Барлық операциялар электронды форматқа көшіріледі.
Шекарадан өтетін автокөліктер үшін азаматтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру енгізіледі. Сақтандыру полисі кеден жүйесі арқылы рәсімделіп, елге тек полисі бар көліктер ғана кіре алады.
2028 жылға дейін шағын және орта бизнеске жаңа міндеттемелер енгізуге мораторий жарияланды. Қызметінің алғашқы жылында ережелерді алғаш рет бұзған кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Енді жаңа реттеу нормалары жылына екі рет — 1 қаңтар мен 1 шілдеде ғана күшіне енеді.
Жекеменшік секторға бірқатар мемлекеттік функциялар беріледі — риэлторлар мен экскурсоводтарды сертификаттаудан бастап, есептегіштерді тексеру мен ауылшаруашылық өнімдерін фумигациялауға дейін.
Құрылыс компаниялары дольщиктердің қаражатын тек кадастрда тіркелген нотариалды расталған шарттар арқылы тарта алады. Сондай-ақ, бірыңғай тариф бойынша жолаушылар тасымалына арналған ҚҚС жеңілдігі алынып тасталады.
Мемлекеттік балабақшаларда балалардың қатысуын, жұмыс уақытын және тамақтануға кететін шығындарды есепке алатын цифрлық жүйе енгізіледі.