Munarmedia.kz 25.04.2026 /Astana/ — Lufthansa әуе компаниясы жанармай бағасының күрт өсуіне байланысты жазғы маусымда 20 мың рейсті қысқартатынын мәлімдеді.
Неміс тасымалдаушысының хабарлауынша, Еуропа ішіндегі қысқа қашықтықтағы бағыттардың едәуір бөлігі шығынды болып кеткен. Осыған байланысты компания оларды «тиімсіз» деп бағалап, рейстер санын азайтуға мәжбүр.
Сарапшылардың айтуынша, Парсы шығанағы елдері Еуропаның авиациялық отын импортының шамамен жартысын қамтамасыз етеді. Оның елеулі бөлігі Ормуз бұғазы арқылы тасымалданады. Бұл теңіз дәлізі Иран тарапынан АҚШ пен Израиль соққыларына жауап ретінде іс жүзінде жабылғаны айтылуда.
Мамандардың пікірінше, қалыптасқан жағдай әуе тасымалы құнының өсуіне және рейстердің қысқаруына әкеліп, Еуропа авиация нарығына қосымша қысым түсіруде.
#Lufthansa #Авиация #ЭнергетикалықДағдарыс #Еуропа #Жанармай #Рейстер #Тасымал