Қазақстан порттары жылына 300 мың контейнер қабылдауға дайындалуда.

42

Munarmedia.kz 25.04.2026 /Astana/ — Соңғы бес жылда Орта дәліз арқылы транзиттік тасымал көлемі үш есеге артты.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің мәліметінше, 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті жылына 300 мың контейнерге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда Ақтау порты аумағында контейнерлік хаб пен кемелер қозғалысын басқару жүйесінің құрылысы аяқталды.

Ал Құрық порты айлағында түбін тереңдету жұмыстары жүргізіліп, айлақ жаңғыртылды және жол бойы сервисі құрылды. Жыл соңына дейін Ақтау мен Құрық порттарында түбін тереңдету жұмыстары толық аяқталып, «Ерсай» контейнерлік терминалының құрылысы тәмамдалады және үш бірдей айлақ жаңартылады.

Сонымен қатар, буксирлер сатып алу және Орта дәліздің бірыңғай зияткерлік ортасына біріктіру үшін цифрлық шешімдерді енгізу жұмыстары қатар жүргізілуде. Бұл жобалардың жүзеге асырылуы Қазақстанның порттық инфрақұрылымының өткізу қабілетін айтарлықтай арттырады.

Орта дәліз — Қытайды Еуропамен Қазақстан, Әзербайжан, Грузия және Түркия аумақтары арқылы байланыстыратын стратегиялық бағыт.

#Қазақстан #Логистика #АқтауПорты #ҚұрықПорты #ОртаДәліз #Транзит #Инфрақұрылым