Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Франция парламенті Үкіметке сенімсіздік білдірді

35

Франция ұлттық жиыны депутаттары басым дауыспен премьер-министр Мишель Барнье үкіметіне сенімсіздік вотумын қолдады. Енді оның кабинеті қызметінен кетуі керек.

Осы шешімді қабылдауға кем дегенде 289 дауыс қажет болған. Вотумға 331 депутат дауыс берді.

BBC агенттігінің жазуынша, мұндай жағдай Франция тарихында 1962 жылдан бері алғаш рет болып отыр. Барнье Франция премьер-министрі қызметінде небәрі 90 күн отырды.

Мишель Барнье мен оның кабинеті Франция президенті Эммануэль Макрон жаңа премьер-министр іздегенше қызметте қалуы мүмкін, шілдедегі кезектен тыс сайлаудан кейін бұған 50 күн қажет болған.