Израиль оккупациялық күштерінің элиталық кибербарлау бөлімшесі — 8200 бөлімінің 250-ге жуық бұрынғы қызметкері Газа секторындағы соғысты тоқтатуды талап етіп, ашық хат жариялады. ✉️
Олар бұған дейін билік әрекеттеріне қарсы шыққан 1000-нан астам Әуе күштері резервистерінің (соның ішінде ұшқыштар) қатарына қосылды.
🛑 Хатта олар Нетаньяху үкіметін соғысты әдейі созып, оны саяси және жеке мүдделер үшін пайдаланып отыр деп айыптады. "Бүгінгі таңда үнсіз қалу – моральдық қылмыс" делінген хатта.
💻 Айта кетейік, 8200 бөлімшесі — Израильдің ең қуатты электрондық тыңшылық және киберразведка құралдарының бірі.