2025 жылғы 11 сәуірде Алматыда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті.
Кездесу кезінде Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ТМД елдерінің бірқатар қаласына, соның ішінде Астана, Алматы, Қарағанды және басқа да қалаларға "1941-1945 жж. Еңбек даңқы қаласы" құрметті атағын беру туралы шешім келісілді.
Сыртқы істер министрлері кеңесінің келесі отырысы 2025 жылғы қазан айында ТМД Мемлекет басшылары саммиті қарсаңында Душанбе қаласында өтеді.
Қазақстанның үш қаласына құрметті атақ берілді
