Германия өнеркәсібі ай сайын шамамен 15 мың жұмыс орнын қысқартып жатыр

53

Munarmedia.kz 26.07.2026. ASTANA    Германияның өнеркәсіп саласында ай сайын шамамен 15 мың жұмыс орны қысқарып жатыр. Бұл туралы Германия өнеркәсібі федерациясының (BDI) басшысы Таня Гённер мәлімдеді.

Оның айтуынша, елдің өнеркәсіп секторындағы жағдай әлі де күрделі күйінде қалып отыр. Соған қарамастан, Германия өнеркәсібінің қайта жанданып, өсімге шығуына әлеует жеткілікті.

Таня Гённердің пікірінше, саланың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі тетігі – жаңа технологияларға, әсіресе жасанды интеллектіні дамыту мен өндіріске енгізуге бағытталған инвестицияларды ұлғайту.

Сонымен қатар, Германия өнеркәсібіне АҚШ-тың тарифтік саясаты мен Қытайдың жаһандық өндірістегі ықпалының күшеюі қосымша қысым түсіріп отырғаны атап өтілді. Сарапшылардың пікірінше, бұл факторлар еуропалық өндірушілердің әлемдік нарықтағы бәсекелестік мүмкіндіктеріне әсер етуде.

Айта кетейік, Германия өнеркәсібі федерациясы (BDI) елдегі шамамен 100 мың компанияның мүддесін қорғайды. Бұл кәсіпорындарда 8 миллионнан астам адам еңбек етеді.