Жүргізушілерді даярлау сапасын арттыру мақсатында уәкілетті және мүдделі мемлекеттік органдармен шаралар қабылданды. Жүргізушілердің өз бетінше дайындалуы және онлайн оқуы алынып тасталды. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев хабарлады. Оның айтуынша, автомектептерді және үміткерлерді тіркеу Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйесінде жүргізіледі, бұл үміткерлерге курсты аяқтау туралы куәліктерді мерзімінен бұрын беру және оларды қолдан жасау мүмкіндігін болдырмайды.
Сонымен қатар, жүргізушілерді даярлау сапасын арттырудың тиімді шараларының бірі автомектеп ашу қызметін рұқсат беру тәртібіне қайтару болып табылады.