Тегеранда
өтккен жүз мыңдаған адам қатысқан жұмыс намазында Иран Ислам Республикасының
көшбасышысы Әли Хаменей ««Бұл сөзім әлем халқына және оның ішіндегі ержүрек
Ливан және Палестина халқына арналады.
Газадағы
сионистік режимге қарсы күрес Ислам елдерінің дәрежесін көтерді. Газада Ислам
қаталдық пен адамгершілікке сай емес әрекеттерге қарсы тұруда. Осыншама қаталдықпен
жасалып жатқан басқыншылық соғысқа қарғыс айтпаған жан жоқ шығар. Бір жыл бойы
қарсылық танытқан Ливан мен Газа халқының бостандық пен тәуелсіздік үшін күресі
аяқталған жоқ. Америка мен оның одақтастарының басқыншыларды қолдап, айдап
салуынынң түпкі мақсаты осы өңірдегі барлық табиғи байлықтарды өзіне тартып
алуды көздеп отыр. Бұл үшін адамзатты аямай ірі соғыстарға салып, елдерді
біріне-соң бірін соғыстырып дүниеге қаталдық пен басқыншылық, қантөгіс әкелуде»
деді.