Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Трамп Иранның ядролық нысандарын атқылауға шақырды

61


 

 

АҚШ-тың бұрыңғы президенті Трамп Кароина штатында өткен халықпен кездесуде  Израиль премьер-министрі Нетяньяхудың Газа мен Ливандағы қанды қырғынын қолдайтынын және Иранның ядролық нысандарын атқылау шақырды, деп хабарлайды Al Jazeera. «Маған бұл сұрақты қойсаңыздар, алдымен Иранның ядролық нысандарын одан кейін бүкіл Иранды бомбалаңдар дер едім».

Естеріңізге сала кетсек, АҚШ-тың қолдауына сүйенген Израиль басқыншылары бір жыл бойы Газа секторы мен Ливан мемлекетіне шабуыл жасап келеді. Басты мақсаты Палестина жерін және Ливанның солтүсітігін тартып алып, Израиль мемлекетінің жерін ұлғайту. Бұл мақсатта 40 мыңнан астам адам қаза болып, мыңдаған адам өз жерлерін тастап кетуге мәжбүр болуда. Синистік режим мұнымен қоймай Иран, Иемен мемлекеттеріне де ауыз салды. Ондағы мақсаттары Иранның күшін әлсіретіп, Таяу Шығыстағы елдерге Иранның ықпалын азайту еді. Дегенмен Газа секторы мен Ливан және Иранның қолдауындағы «Хезболла», «Хамас» ұйымдары табанды қарсылық көрсетуде. Жақында «Хезболла» ұйымының көшбасышысы Насрулла Израиль соққысынан қаза болған еді. Бұл конфликт үшінші дүниежүзілік соғысты бастап жіберуі мұмкін деп қауіптенеді, сарапшылар.