Munarmedia.kz-24.11.2026ж/Астана/-Ақмола облысы, Целиноград ауданы Қараөткел ауылының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сұлтан Нұрбол самбодан ардагерлер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.
2026 жылғы 18 қарашада Кипрдің Лимасол қаласында өткен SAMBO MASTERS 2026 әлем чемпионатына 55 елдің спортшылары қатысты.
Қазақстан атынан сынға түскен Сұлтан Нұрбол халықаралық жарыста бірқатар мықты қарсыласын жеңіп, жүлделі үшінші орынға ие болды. Жарыс барысында ол әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпаздарымен және жоғары деңгейдегі спортшылармен белдесті.
Спортшының айтуынша, бұл жетістік – көпжылдық еңбектің, табандылық пен спортқа деген адалдықтың нәтижесі. Ол халықаралық аренада Қазақстанның намысын қорғау өзі үшін үлкен мәртебе екенін атап өтті.
Қараөткелдік ұстаздың бұл жеңісі ауыл спортының әлеуетін көрсетіп, жас ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.
Жерлесімізді жеңісімен құттықтаймыз!
#Қазақстан #АқмолаОблысы #СұлтанНұрбол #Самбо #ӘлемЧемпионаты #Қараөткел #Спорт





