Munarmedia.kz-24.11.2026ж/Астана/-Қазақстанда қазақ тіліндегі контентті дамытуға және кітап оқуды насихаттауға бағытталған он әдеби және цифрлық жобаға шамамен 50 млн теңге бөлінеді.

Байқау жеңімпаздарының қатарында электронды кітапханалар мен қазақ тілінде оқуға арналған платформаларды әзірлеушілер, балалар әдебиеті мен комикстер авторлары бар. Сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын пайдаланатын білім беру өнімдері де қолдау тапқан.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, байқауға барлығы 172 өтінім түскен. Бір жобаға берілетін гранттың ең жоғары мөлшері – 5 млн теңге.

Қаржы қазақ тіліндегі заманауи контентті көбейтуге, цифрлық әдеби өнімдерді дамытуға және қоғам арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталады.

#Қазақстан #ҚазақТілі #Әдебиет #ЦифрлықЖоба #КітапОқу #ЖасандыИнтеллект