Munarmedia.zk.29.06.30 /Астана/-Иран МАГАТЭ басшысын ядролық нысандарға кіргізуден және бейнебақылау орнатудан бас тартты. Тегеран Халықаралық атом энергиясы агенттігіне (МАГАТЭ) өз нысандарына кіруге тыйым салды. Парламент вице-спикері Хамид Реза Хаджи Бабаи Иран енді МАГАТЭ бас директоры Рафаэль Гроссиді де қабылдамайтынын мәлімдеді. Тегеран агенттікті АҚШ пен Израильдің Иран ядролық инфрақұрылымына жасалған шабуылдарына көмектесті деп айыптап отыр. Бұған дейін Гросси Иранның байытылған уран қорын тексеру қажеттігін айтқан.
Иран МАГАТЭ инспекторларын қабылдаудан бас тартты
