Қазақстан Азияның тұрақыт интернет хабына айналмақшы

36

Munarmedia.zk.29.06.30 /Астана/-Internet Society ұйымы Қазақстанның телекоммуникациялық нарығы мен цифрлық тұрақтылығы туралы кең көлемді зерттеуін жариялады. Онда елдің цифрлық инфрақұрылымы аймақтағы ең дамығандардың бірі болғанымен, нарықтағы бәсекенің жеткіліксіздігі, телекоммуникациялық саланың бірнеше ірі компания қолында шоғырлануы, мемлекеттік бақылаудың жоғары деңгейі, ресейлік интернет арналарына тәуелділік мәселелері талданған. Ұйым Қазақстанға тәуелсіз трафик алмасу нүктелерін дамыту, шағын провайдерлердің дамуына жағдай жасау, нарықтық тосқауылдарды азайту, контентті ел ішінде орналастыруды ынталандыру, шифрлауды күшейтіп, бақылау тәжірибесінен бас тарту, сондай-ақ заманауи қауіпсіздік стандарттарын енгізу жөнінде нақты ұсыныстар берген. Мұндай қадамдар елдің цифрлық тұрақтылығы мен ашықтығын күшейтіп, Қазақстанды өңірлік интернет хабына айналдыруға жол ашатыны көрсетілген.