Иран Ормуз бұғазын қайта ашты.

10

Munarmedia.kz 20.04.2026 /Astana/ Иран билігі коммерциялық кемелердің Ормуз бұғазы арқылы өтуін толықтай қалпына келтірді. Мұндай шешім Израиль мен Ливан арасында 10 күндік атысты тоқтату туралы келісім жасалғаннан кейін қабылданды.

Бағыттың ашылғанын АҚШ президенті Дональд Трамп пен Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи мәлімдеді.

Аббас Аракчи бұғаздың бұған дейін келісілген үйлестірілген маршрут бойынша атысты тоқтату режимі күшінде болған барлық кезеңде ашық болатынын растады.

Осыдан кейін мұнай бағасы күрт төмендегені байқалды. Сонымен қатар Дональд Трамп Вашингтонның Тегеранмен уранды 20 млрд доллар көлеміндегі қаржыға айырбастау жөніндегі келісімді қарастырып жатқанын хабарлады.

#Иран #ОрмузБұғазы #ХалықаралықЖаңалықтар #Мұнай #Саясат