Munarmedia.kz 20.04.2026 /Astana/ Қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы бойынша автопаркті жаңарту және экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында арнайы компания құрылмақ.
Жоба аясында экологиялық класы төмен ескі көліктер сатып алынып, кейін кәдеге жаратылатын болады. Оның орнына тұрғындарға жаңа, экологиялық таза автокөлік сатып алу үшін жеңілдетілген несие, лизинг және Trade-In жүйесі ұсынылады.
Бағдарламаны жүзеге асыруға әкімдік пен «Алматы» ӘКК-мен бірлесіп, отандық өндірушілер — Astana Motors және Orbis компанияларын тарту жоспарланып отыр.
Аталған бастама зиянды қалдықтар көлемін азайтып, тұрғындардың заманауи көлікке көшуін ынталандырады деп күтілуде.
#Алматы #Экология #Автокөлік #Жаңалықтар #Қазақстан #Экобағдарлама