Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Иран жаңа баллистикалық зымыранын сынады

54

Munarmedia.kz. 5 мамыр 2025 жыл, Астана – Иран билігі қатты отынмен жұмыс істейтін “Qassem Basir” атты жаңа баллистикалық зымыранды сәуірдің 17-сінде сәтті сынағанын жексенбі күні мәлімдеді.

Иранның Қорғаныс министрі Азиз Насирзаде мемлекеттік “IRIB 2” телеарнасына берген сұхбатында аталған зымыранның маневр жасау қабілеті жоғары екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл зымыранды THAAD, Patriot сияқты әуе шабуылынан қорғану жүйелерімен, сондай-ақ Израиль иелігіндегі жүйелермен жою қиынға соғады.

Министр сонымен қатар, АҚШ-ты Иранға қарсы шабуыл жасалса, қатал жауап беруге дайын екені жөнінде ескертті. Техранның мәлімдеуінше, Иран көршілес елдермен достық әрі бауырластық қарым-қатынас орнатуға ұмтылады, алайда егер қарулы қақтығыс орын алатын болса, көрші мемлекеттер аумағындағы америкалық әскери базалар Иран қарулы күштерінің “заңды нысанасына” айналуы мүмкін.