Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Израиль оккупациясы ұзақмерзімді бітімге дайын

55


🗣 Биньямин Нетаньяху ұзақмерзімді бітімге дайын екенін мәлімдеді:

«Біз барлық ұрланғандарды қайтару шартымен ұзақмерзімді атысты тоқтатуға дайынбыз. Бұл мәселені шешу күндердің немесе сағаттардың еншісінде. Біз ХАМАС-тың жауабын күтіп отырмыз, содан кейін әрекет етеміз».

📑 Reuters агенттігінің мәліметінше, ХАМАС әскерлер шығарылатын аумақтарды көрсететін карталарды ұсынуды талап етуде.

Сонымен қатар, CBS-тің хабарлауынша, егер келіссөздер сәтті өтсе, бітім туралы келісім осы аптада жасалуы мүмкін. Алайда келісімнің нақты шарттары әлі анықталмағандықтан, процесс кешеуілдеп жатыр.