Денсаулық сақтау министрлігі білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарындағы тамақтану стандарттарына өзгерістер енгізетін бұйрық әзірледі. Құжат балаларды қауіпсіз, сапалы және теңгерімді тағаммен қамтамасыз етуді көздей отырып, заманауи халықаралық талаптарға сәйкестендірілген.
Негізгі өзгерістер:
Тұз, қант және майларды тұтынуды азайту.
Рационға кальцийге, темірге, фолий қышқылына және дәрумендерге бай көкөністер мен жемістерді көбейту.
Азық-түлік улануы мен жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын енгізу.
Бастаманың мақсаты:
Мектептер мен балабақшаларда біртұтас тамақтану стандарттарын қамтамасыз ету.
Асханасы жоқ шағын жинақталған мектептер үшін тамақтану форматын бекіту.
Семіздік, диабет және жүрек-қан тамырлары аурулары сияқты жұқпалы емес аурулардың алдын алу.
Бұл өзгерістер балалардың денсаулығын нығайтуға және дұрыс тамақтану үшін тең жағдай жасауға бағытталған.
📸 Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.